Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Енді прокатқа шығатын фильмдерді арнайы комиссия тексереді

kz.kursiv.media

Енді прокатқа шығатын фильмдерді арнайы комиссия тексереді

Енді осы жылдың 16 маусымынан бастап прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтіп, арнайы құжат алуы керек. Мәдениет және ақпарат министрлігі заңға осындай ереже енгізді.

Жаңа өзгеріс бойынша, картинаға прокат алды сараптама тағайындалады. Оның құрамына кіретін сарапшылар фильмде пропаганда, конституциялық құрылымды, ел тұтастығын бұзуға бағытталған агитация,әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздықты қоздыратын эпизодтар бар-жоған анықтайды. Сондай-ақ фильмде қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынушылық, порнография, педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағыт насихатының болмауын да тексереді.

Сараптамадан өту үшін дистрибьютор фильмнің кинотеатрларда көрсетуге арналған нұсқасын ұсынуы тиіс. Комиссия оны көріп шығып, мазмұнын саралап, комиссия отырысында талқылағаннан кейін дауыс беріп, қорытынды шешім шығарады.

Комиссия министрлік жанынан құрылған, құрамына кино саласының кәсіби мамандары, тарихшылар, психологтар мен қоғам белсенділері кіреді.

Егер сараптамадан өтпей, құжат ала алмаса фильмге Қазақстан аумағында көрсетуге ресми рұқсат берілмейді.

Бұған дейін депутаттар кейбір отандық фильмдерде ұлтшылдық насихат бар екенін айтып сынаған. Мәселен, депутат Ерлан Саиров «Руың кім» комедиясын сынға алғаннан кейін, фильмді прокаттан алып тастаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар