Air Astana Дубайға қайта рейс орындауды бастайды
Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерін қайта бастайды. Компания мәліметінше, Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша рейстер 20 маусымнан, ал Астана – Дубай – Астана бағыты 10 шілдеден бастап жолға қойылады.
Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша рейстер кестесі:
Астана – Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер кестесі:
Билеттері 31 шілдеге дейінгі күндерге қайта брондалған жолаушыларға ұшу күнін тегін өзгерте алады. Маршруттардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ұшақтар Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Пәкістан арқылы ұшатын болады.
Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Air Astana мен оның еншілес FlyArystan компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерін ұзақ уақытқа тоқтатқан. Соңғы рет Дубайға тұрақты рейстерді тоқтата тұру мерзімі 31 мамырға дейін ұзартылған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 05
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 04
-
Күнделікті жаңалықтар
8 маусым 2026