Қызылордада мәйіті каналдан табылған қыздың өліміне күдікті адам ұсталды
Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды.Облыстық полиция департаменті күдікті сол ауданның тұрғыны екенін айтты. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
«Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді, – деді департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.
Істің толық мән-жайы тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Айта кетейік, 3 маусымда Шиелі ауданының тұрғыны полицияға каналдан қыздың мәйіті табылғанын хабарлаған. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Туыстары қыздың 2 маусымда кешкі уақытта үйінен шығып, қайта оралмағанын айтқан.
Бұған дейін Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті Сырдария өзенінен табылғанын жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 маусым 2026