Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағанды облысында бала ойын алаңының жанында тоққа түсті

kz.kursiv.media

Қарағанды облысында бала ойын алаңының жанында тоққа түсті

Қарағанды облысы Долинка кентіндегі балалар ойын алаңының жанында 10 жасар бала тоққа түсті, деп хабарлайды жергілікті eKaraganda.kz басылымы.

Оқиға туралы баланың әпкесі айтып берді. Оның айтуынша, бала ойын алаңынан бірнеше метр жерде орналасқан электр желісінің тірегіне өрмелеп шыққан, сол жерде тоққа түсіп, биіктен құлап кеткен.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлады. Баланың туысы оның қатты күйік шалғанын және ауыр жарақат алғанын мәлімдеді.

Полиция департаменті оқиға дерегін растады.

«Материалдар қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін Қарағанды облысы бойынша Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жолданды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккен баланың отбасы электр тірегінің ешқандай қоршаусыз, еркін қолжетімді жерде тұрғанын атап өтті. Бұған жауап ретінде кент әкімінің орынбасары Жасұлан Хамитов аталған нысанды қоршау жоспарланып отырғанын хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Теміртауда отпен ойнаған балалар бес қабатты үйді өртеп жібергенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар