Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арыста мас жүргізуші қаққан адамдардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

kz.kursiv.media

Арыста мас жүргізуші қаққан адамдардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

Арыс қаласында үш адамның өмірін қиған апаттан кейін медициналық бақылауда екі зардап шегуші, оның ішінде кәмелетке толмаған пациент қалуда. Олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиғадан кейін зардап шеккендер бірден Арыс аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қарап, консилиум өткізгеннен кейін пациенттердің біреуі жергілікті стационарға емдеуге қалдырылды.

«Бірінші пациент қазір хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланады. Медициналық көмек бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес толық көлемде көрсетілуде. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін пациент үйіне шығарылады», – деп түсіндірді профильді ведомство ресми сауалға берген жауабында.

Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен баланы дәрігерлер балалар ауруханасына тасымалдауды ұйғарды.

«Екінші пациент – кәмелетке толмаған бала. Оның қазіргі жағдайы тұрақты. Қосымша мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін ол Облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі уақытта қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде, дәрігерлер тарапынан барынша медициналық көмек көрсетілуде», – деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алған еді. JAC автокөлігін мас күйінде басқарған әйел жеке үйдің жанындағы адамдарды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам қаза тапты, олардың екеуі – бала. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар