Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ӘЧ-2026 алдындағы соңғы сынақ: Өзбекстан - Нидерланды ойынын қайдан көруге болады

kz.kursiv.media

ӘЧ-2026 алдындағы соңғы сынақ:  Өзбекстан - Нидерланды ойынын қайдан көруге болады

8 маусымнан 9 маусымға қараған түні футболдан Нидерланды мен Өзбекстан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойын қос команда үшін де 2026 жылғы әлем чемпионатының алдындағы соңғы және ең маңызды дайындық кезеңі болмақ.

Тартысты бәсеке Нью-Йорк қаласындағы 5 000 көрерменге арналған «Икам» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 23:45-ке жоспарланған.

Жанкүйерлер ӘЧ-2026 қарсаңындағы бұл маңызды кездесуді тікелей эфирде тамашалай алады: Ойынның трансляциясы сағат 23:45-те Qazsport телеарнасында басталады. Өзбекстанда матч дәл осы уақытта Futbol TV арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасы Канадамен жолдастық кездесу өткізіп, 2-0 есебімен есе жіберген еді. Ал Әлем чемпионатында бауырлас мемлекет Португалия, Колумбия және ДР Конго сияқты алпауыттармен кездеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар