Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Си Цзиньпин биылғы шетелдік сапарын Солтүстік Кореядан бастады

kz.kursiv.media

Си Цзиньпин биылғы шетелдік сапарын  Солтүстік Кореядан бастады

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин жеті жылдан кейін Солтүстік Кореяға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Пхеньян әуежайында Си мен оның жұбайы Пэн Лиюаньді Корея Еңбек партиясының бас хатшысы, КХДР Мемлекеттік істерінің төрағасы Ким Чен Ын мен оның жұбайы Ли Соль Чжу қарсы алды деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Бұл – Си Цзиньпиннің биыл шетелге шыққан алғашқы сапары. Қытай билігінің мәліметінше, ол ҚХДР-ға арнайы келген. Мемлекеттік сапары 10 маусымға дейін жалғасады.

Қазақпарат жазуынша, екі тарап екі ел мүддесі үшін халықаралық және аймақтық істерде стратегиялық серіктесті нығайту керек деп келіскен. Сондай-ақ партиялық жүйе құру, экономиканы дамытуда тәжірибе алмасуға уағдаласқан.

Қытай Солтүстік Кореяның басты сауда серіктесі деп саналады. Синьхуа жазуынша, Бейжің Пхеньянға саяси, экономикалық және дипломатиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар