Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Nestlé мен Danone балалар тағамынан микропластик анықталды

kz.kursiv.media

Nestlé мен Danone балалар тағамынан микропластик анықталды

Жұмсақ пластик қаптамада сатылатын танымал балалар пюресінің құрамынан мыңдаған микропластик бөлшектері мен химиялық заттар анықталды. Бұл туралы халықаралық «Greenpeace International» экологиялық ұйымы мәлімдеді.

Gerber (Nestlé) мен Happy Baby Organics (Danone) брендтері зертханалық тексерістен өткен. Микропластик талданған әрбір үлгіден анықталды.

Gerber өнімнің 1 грамында орта есеппен 54 микропластик бөлшегі бар, бұл бір қаптамада 5 000-нан астам бөлшек бар деген сөз.

Happy Baby Organics өнімінің 1 грамында 99 бөлшекке дейін, яғни бір қаптамада 11 000-нан астам бөлшек анықталған.

Бір шай қасыққа шаққанда, бала тамақпен бірге 270-тен 495-ке дейін микроскопиялық пластик сынықтарын жұтып қоюы мүмкін.

Зерттеушілердің болжамы бойынша, микропластик өнімнің өзінен емес, пластик қаптаманың полиэтилен қабатынан тараған.

Зерттеу нәтижелері тағам мен қаптама материалында пластик өндірісіне қатысты химиялық заттардың бар екенін көрсетті. Gerber үлгілерінен гормоналды жүйеге теріс әсер етуі мүмкін зат табылған.

Ұйым балалар тағамын өндірушілерді өнім сапасына қосымша тексеру жүргізуге және пластик қаптамалардан бас тартып, біртіндеп қауіпсіз баламаларға көшуге шақырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар