Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өз уақытынан артық еңбек ететін қазақстандықтардың саны көбейген

kz.kursiv.media

Өз уақытынан артық еңбек ететін қазақстандықтардың саны көбейген

Қазақстанда аптасына 41 сағаттан астам жұмыс істейтін азаматтардың саны артып келеді. 2026 жылдың алғашқы үш айында елімізде 1,4 миллион адам белгіленген уақыттан артық еңбек еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға, шамамен 171 мың адамға көп.

Finprom мәліметіне сәйкес, салыстырмалы түрде айтсақ, қазір шамамен әр бесінші ер адам және әр тоғызыншы әйел нормадан артық жұмыс істейді.

Артық уақыт жұмыс істейтіндердің басым бөлігі ер азаматтарды құрайды, шамамен 898 мың адам. Дегенмен көрсеткіш әйелдер арасында да тез өсіп жатыр, шашамен 507 мыңнан асады.

Жас ерекшеліктеріне келер болсақ, ең көп жұмыс істейтіндердің жасы 35 пен 54 жас аралығындағы азаматтар. Ал 16-24 жас арасында ұзақ жұмыс істейтіндердің үлесі анағұрлым аз.

Сонымен қатар тұрақты келісімшарты бар қызметкерлерге қарағанда, өз бетінше нәпақа тауып жүргендердің әрбір төртіншісі аптасына 41 сағаттан астам уақытын жұмысқа арнайды.

Артық жұмыс істейтіндердің көбі сауда, өндіріс және көлік саласында кездеседі.

Ал егер әр саланың ішкі көрсеткішіне үңілсек, жұмыс уақыты ең ұзақ салалар мыналар:

Мұғалімдер мен дәрігерлер арасында уақыттан тыс жұмыс істейтіндер аз. Білім беру (3,3%) және денсаулық сақтау (5,4%) салаларында нормадан тыс еңбек ететіндердің үлесі өте төмен. Ал ең қысқа жұмыс аптасы ауыл шаруашылығында тіркелген (аптасына орташа есеппен 33 сағат).

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар