Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында жер сілкінді

kz.kursiv.media

Алматы облысында жер сілкінді

Сейсмикалық станциялар желісі Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісін тіркеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, жер сілкінісі 8 маусым күні Астана уақытымен сағат 21:55-те Алматы облысында сезілген.

«Эпицентр Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде орналасқан. Оның координаттары – солтүстік ендіктің 42.920° және шығыс бойлықтың 78.188°, жер қыртысының тереңдігі 5 шақырымды құрады», – деп хабарлады ТЖМ.

Алматы облысының Кеген ауданында жер сілкінісі әлсіз сезілді. Саты ауылында қарқындылығы 2,5 балды, Жаңалау ауылында 2 балды құрады.

Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді.

Сонымен қатар, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын ықтимал зақымдануларға тексерді. Нәтижесінде зақымданулар анықталған жоқ, барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастыруда. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бұған дейін Алматы тұрғындары мен Қазақстанның бірқатар өңірлері сезінген Жетісудағы жер сілкінісі туралы жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар