Көлсай көлдерінде аю мен қонжығы бейнежазбаға түсіп қалды
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Жымбы сайындағы қорымнан орманшының көмекшісі аю мен оның қонжығын байқап, сәтті бейнетаспаға түсіріп үлгерген.
Орман шаруашылығы қызметкерінің қырағылығының арқасында таспаға түскен бейнежазба өте сирек әрі сәтті кадрлардың бірі болып шықты. Бейнежазбадан аю мен оның кішкентай қонжығының адам аяғы баса бермейтін қорым тастардың арасында еркін қозғалып, табиғи ортада серуендеп жүргенін көруге болады.
Мамандардың айтуынша, жабайы аңдардың, әсіресе қонжығы бар аюдың адам көзіне түсуі өте сирек құбылыс. Себебі олар әдетте дыбыс пен адам иісін алыстан сезіп, тасаға тығылуға тырысады.
A post shared by Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)
«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өзінің қайталанбас сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін флора мен фауна өкілдерінің мекені ретінде де құнды. Орманшылар түсіріп алған бұл бейнежазба желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жоңғар-Алатауы ұлттық паркінде қоңыр аю үйлердің бірініе кірмек болып, темір есікті сындырған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 маусым 2026