Арсен Томский жұмыстан бос уақытта курьер болып жүргенін айтты
InDrive компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Арсен Томский жұмыстан бос уақытта курьер болады. Бұл туралы ол Threads желісінде жазған.
«Арасында курьерлік сөмкені алып, қала көшелерінде жұмыс істеп қайтқан дұрыс. Сол кезде ресми есепке қарағанда жағдайдың шын мәнінде қалай болып жатқанын білесің», – дейді ол жазбасында.
Оған дейінгі жазбасының бірінде Томский арасында InDrive жүргізушісі болып жүргенін де айтқан еді.
Арсен Томский дәулеті 685 млн доллар деп бағаланған. Forbes Kazakstan журналының ең бай 75 кәсіпкер тізімінде 12-орынға тұрақтаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 маусым 2026