Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Енді шетелдіктер ЖСН-ды онлайн ала алады

kz.kursiv.media

Енді шетелдіктер ЖСН-ды онлайн ала алады

Енді шетелдік азаматтар Қазақстанға келмей-ақ, ЖСН-ді онлайн ала алады. Ол үшін QazETA атты мобильді қосымша әзірленеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

Ведомство басшысының сөзінше, қазір Сенат заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу үшін түзетулер дайындап жатыр.

Сондай-ақ әуежайлар мен ірі шекаралық бекеттерде шетелдік азаматтарға QR-коды бар арнайы туристік карталар береді. Ол жерде Қазақстанда жүріп-тұру тәртібі, шұғыл қызметтер мен негізгі байланыс операторларының байланыс нөмірлері көрсетілген.

Сәуірде шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылғанын жазған едік. Бірақ кей азаматтар оны өз елшіліктеріне барып ала алады.

Тағы да оқыңыз: Азаматтардың ЖСН-і аурухана мен дәріхана беретін чектерде көрсетілуі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар