Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құмды алқапта қарасора жинап жүрген ер адам құрықталды

kz.otyrar.kz

Құмды алқапта қарасора жинап жүрген ер адам құрықталды

«Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті.

Меркі ауданының Қосқұдық құмды алқабында полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады. Жергілікті жерді қарау барысында тәртіп сақшылары шабылған жабайы қарасора үйінділерін, сондай-ақ оларды тасымалдауға арналған бес бос қапты анықтады.

Күдіктінің айтуынша, ол жоғалған малын іздеуге шыққан. Кейін құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді жинап, оларды шатырдың үстіне жайып, кепкен жапырақтарын бөліп ала бастаған. Осы кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 40 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар