Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Гид қызметі енді бірыңғай қағидамен реттеледі

kz.otyrar.kz

Гид қызметі енді бірыңғай қағидамен реттеледі

Қазақстанда гидтер, экскурсия жүргізушілері және туризм нұсқаушыларының қызметін реттейтін бірыңғай қағидалар бекітілді. Жаңа құжат мамандардың құқықтары мен міндеттерін нақтылап, туристерге көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Яғни, гид, экскурсия жүргізушісі немесе туризм нұсқаушысы ретінде қызметті бастау үшін Қазақстан Республикасының азаматы болып, eLicense.kz порталы арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жолдау қажет.

Сонымен қатар мамандар өз қызметін жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысанын өздері таңдай алады. Ал уәкілетті орган олардың мемлекеттік электронды тізілімін жүргізіп, оны Министрлік пен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының ресми сайттарында жариялайды. Бұл туристерге заңды түрде қызмет көрсететін мамандарды таңдауға мүмкіндік береді.

Министрлік келіп түскен хабарламалар негізінде гидтердің, экскурсия жүргізушілерінің және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электронды тізілімін жүргізеді. Тізілім Министрліктің және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның ресми интернет-ресурстарында орналастырылады. Бұл туристерге заң талаптарына сәйкес қызмет көрсететін мамандарды таңдауға мүмкіндік береді. Құжатта қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған. Мамандар туристерді сапардың ерекшеліктері мен ықтимал қауіп-қатерлер туралы алдын ала хабардар етуге, маршруттар мен баратын нысандар жөнінде нақты ақпарат беруге, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде уәкілетті органдар мен туристердің жақындарын жедел хабардар етуге міндетті. Өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін маршруттар бойынша туристің ықтимал тәуекелдермен танысқаны туралы жазбаша растауы міндетті түрде рәсімделеді.

ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Мамандардың айтуынша, жаңа қағидалар туризм саласындағы кәсіби қызметтің бірыңғай стандарттарын қалыптастырып, туристік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ елімізде ішкі және келу туризмін дамытуға ықпал етеді.

НҰРГҮЛ ЖОЛЫМБЕТОВА

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар