Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инфляциядан 2-3% жоғары: үкімет 2029 жылға дейін халықтың табысын қалай арттырады

kz.kursiv.media

Инфляциядан 2-3% жоғары: үкімет 2029 жылға дейін халықтың табысын қалай арттырады

Қазақстан үкіметі 2029 жылға дейін халықтың табысын инфляция деңгейінен 2-3 пайызға асыруды көздеп отыр. Осы мақсатта үш жылдық кешенді жоспарды жүзеге асырмақ. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған.

Жаңа жоспар 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның орнын алмастырады.

Ең алдымен, бюджет саласында істейтін азаматтардың табысын өсіру үшін олардың жалақысы көтеріледі. Жалпы халықтың, соның ішінде жалақысы төмен және орташа топтардың табысы инфляция деңгейінен 2–3%-ға жоғары өседі. Шенеуніктердің тұжырымдауынща. бұл қоғамдағы байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайтуға көмектесуі тиіс.

Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен білікті мамандарға негізделген сапалы жұмыс орындары ашылып, жыл сайын 240 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылады. Осы ретте жұмысшылардың кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға көңіл бөлінеді. Ол үшін дуальды оқыту жүйесі кеңейтіліп, кәсіпорындармен 600-ге дейін меморандум жасалмақ.

Ауылдық жерлерді қолдау мақсатында тұрғындарға 30 мыңнан астам бюджеттік микрокредит беріледі.

Тұтынушылар үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің бағасы тұрақтандырылып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің сауда үстемесі 15%-дан аспайтын деңгейде сақталады. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін 2029 жылға қарай 8,2 миллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Экономика вице-министрінің айтуынша, 2024 жыл халықтың табысы 4,8 пайызға өскенімен, 2025 жылы 1,1 пайызға кеміген.

2025 жылы Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 58,8 мың теңге) аспайтын халықтың үлесі 4,8%-ға жетті. Бұл – шамамен бір миллионға жуық адам (988,2 мың). EnergyProm мәліметіне сәйкес, бір жылда мұқтаж жандардың саны 2%-ға артып, әсіресе, ауыл тұрғындары мен көп балалы отбасылардың жағдайы қиындай түскен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар