Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

30 жылдық тарихы бар Аманаттың жаңа құрылған "Әділетке" қосылғаны қалай?

kz.kursiv.media

30 жылдық тарихы бар Аманаттың жаңа құрылған Әділетке қосылғаны қалай?

30 жылдық тарихы бар «Аманат» партиясының тіркелгеніне ай болмаған «Әділет» партиясына қосылуы ақылға қонымсыз емес пе? Бүгін «Аманат» партиясының съездінен кейін тілшілер партия басшысы Ерлан Қошановқа осындай сұрақ қойды.

Спикер бұл саяси жаңалыққа «күш біріктіру» деген баға берді.

«Екі партия бірігіп жатырмыз. Біреуі үлкен, біреуі кіші деп айтуға болмайды. Бұл жерде біз саяси бірігуді айтуымыз керек. Ал кім-кімге қосылды деген екінші мәселе. Партияларды рәсімдеу деген сияқты жұмыстар негізгі емес. Мәселе – екі партияның бір-біріне қосылуы, күш біріктіруі, шоғырлануында. Бастысы осы», – деді Ерлан Қошанов.

Журналистер екі партия қосылғаннан кейін Қошановтың қызметі қандай болатынын да сұрады.

«Бірінші шілдеге дейін Мәжіліс төрағасы бола беремін. Алдымызда әлі үлкен істер бар, маңызды заңдар қабылдануы керек. Сонымен басымыз ауырып жатыр», – деп Қошанов қысқа қайырды.

Айта кетейік, бүгін Amanat «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Жаңа шешім партияның кезекті съездінде күн тәртібіне қойылып, барлық қатысушылар бірауыздан дауыс берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар