Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АИ-92, әлде АИ-95: аптап ыстықта көлікке қандай бензин құйған дұрыс

kz.kursiv.media

АИ-92, әлде АИ-95: аптап ыстықта көлікке қандай бензин құйған дұрыс

Жазғы аптат ыстықтарда автокөлікке қандай жанармай құйған дұрыс – АИ-92 ме, әлде АИ-95 пе? Бұл сұрақ жүргізушілер арасында жиі талқыланады. Кейбір ескі атмосфералық қозғалтқышы бар көлік иелері қымбатырақ жанармайға артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп есептейді. Алайда ауа температурасы жоғары болған кезде бұл мәселе тек үнемдеуге емес, қозғалтқыштың жұмысына да тікелей әсер етеді. Бұл туралы халықаралық Fit Service желісінің техникалық директоры Никита Родионов айтты.

Ыстық ауа райында қозғалтқыш жоғары температура жағдайында жұмыс істейді. Цилиндрлер мен капот астындағы бөлшектер қатты қызады, ал жүктеме артқан кезде жанармай-ауа қоспасының дұрыс жанбау қаупі, яғни детонация ықтималдығы өседі. Бұл қозғалтқыш қуатының төмендеуіне, отын шығынының артуына және бөлшектердің тез тозуына әкелуі мүмкін.

«АИ-95 жоғары температура мен күш түскен жағдайда детонацияға жақсырақ төтеп береді. Әсіресе басып озу кезінде, өрге көтерілгенде немесе көлік толық жүктелген кезде бұл өте маңызды», – деді Родионов.

Егер көлік өндірушісі АИ-95-тен төмен бензин қолданбауды ұсынса, әсіресе жаздың ыстық күндерінде үнемдеуге тырыспаған жөн. Бұл талап ең алдымен заманауи турбоқозғалтқыштар мен сығымдау дәрежесі жоғары моторларға қатысты.

Тіпті техникалық нұсқаулықта АИ-92 мен АИ-95 екеуін де қолдануға рұқсат етілсе, жаз мезгілінде АИ-95 құйған дұрыс. Сарапшының айтуынша, бұл қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне көмектесіп, детонация қаупін азайтады.

АИ-92 бензиніне бейімделген атмосфералық қозғалтқыштар үшін сапалы АИ-92 жазда да қалыпты таңдау болып қала береді. Егер жүргізуші көлікті қалыпты режимде пайдаланса, екі жанармай түрінің арасындағы айырмашылықты айтарлықтай сезбеуі мүмкін.

Алайда Никита Родионовтың айтуынша, ең маңыздысы – бензиннің маркасы емес, оның сапасы мен жанармай құю бекетінің сенімділігі.

Сапасыз жанармай октан санына қарамастан қозғалтқышқа зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе құрамындағы күмәнді қоспалар қауіпті. Олар оталдыру шамдары мен катализаторда қақтың жиналуына себеп болады.

Сондықтан мамандар қазақстандық жүргізушілерге жанармайды сенімді әрі тексерілген желілік жанармай құю бекеттерінен алуға және көлік өндірушісінің ұсынымдарын басшылыққа алуға кеңес береді.

Айта кетейік, ұлттық статистика бюросының мәліметінше, АИ-95 маркалы бензин Қазақстанда бір айда қатты қымбаттаған жоқ. Керісінше, мамырда орташа баға 312 теңгеден 311 теңгеге түсті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар