Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

AMANAT партиясы өз атауын сақтап қала ма?

kz.kursiv.media

AMANAT партиясы өз атауын сақтап қала ма?

«Аманат» пен «Әділет» партиясы қосылса, жаңа саяси ұйым қалай аталады? Мәжіліс депутаты, «Аманат» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовқа осындай сұрақ қойылды.

Ол қосылатын жаңа партияның атауы қала беретінін растады.

«Қай партияға қосылатынымыз туралы нақты да анық та бес-алты адам кәдімгідей атын атап, түсін түстеді ғой. Барлығы тоқетерін айтты. Қай партияға қалай бірігіп жатқанымыз анық, түсінікті деп ойлаймын», – деді ол.

Бұған дейін AMANAT съезінде партия атауы туралы депутат Ерлан Сайыров айтқан.

«Съезде AMANAT «Әділет» партиясына қосылады деп шешілді. Партияның атауы «Әділет» болады. Бірақ нақты шешім «Әділет» партиясының съезінде қабылданады», – деген еді ол.

Екі партияның қосылуын «Аманат» басшысы Ерлан Қошанов «күш біріктіру» деп бағалады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар