Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кәсіпкер Дулат Тастекей микроқаржы ұйымын банкке айналдырмақ

kz.kursiv.media

Кәсіпкер Дулат Тастекей микроқаржы ұйымын банкке айналдырмақ

Tas Finance Group микроқаржы ұйымы банккке айналуға ниетті. Қазір реттеуші органға лицензия алуға өтініш берген. Бұл туралы New Vision 2026 форумында компанияның тең иесі әрі бас директоры Дулат Тастекей мәлімдеді.

«Иә, қазір бізде бұл процесс жүріп жатыр. Дәлірек айтсақ, әзірге тек алғашқы келіссөздер мен реттеушіден рұқсат алу кезеңіндеміз. Шын мәнінде, бұл кем дегенде 1,5–2 жылға созылатын процесс», — деді Дулат Тастекей.

Қазіргі уақытта компания дайындықтың бастапқы кезеңінде және қаржы нарығын реттеуші органмен келіссөздер жүргізуде. Егер бұл жоба сәтті жүзеге асып, мақұлданса, Қазақстан нарығында тағы бір жаңа банк пайда болуы мүмкін.

Ашық дереккөз мәліметінше, Tas Finance Group компаниясының ең ірі қатысушылары – Дулат Тастекей мен Рахат Тастекеев. Олардың әрқайсысына компанияның 46% үлесі тиесілі. Қалған үлестер басқа жеке тұлғалар арасында бөлінген.

Tas Finance Group актив көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі 5 микроқаржы ұйымының қатарына кіреді. 2026 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша компания активтері 105,7 миллиард теңгені құрады.

Дулат Тастекей мен Рахат Тастекеев – кәсіпкер Тұрсын Тастекеевтің ұлдары. Ал Тұрсын Тастекеев – Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеевтің туған бауыры. Сонымен қатар, Дулат Тастекей 2023 жылдан бері Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының банкке айналу үрдісі бұған дейін де байқалған. Тек 2025 жылдың өзінде елімізде екі бірдей ірі МҚҰ банк болып қайта құрылды.

2025 жылдың жазында кореялық BNK компаниясы өзінің микроқаржы ұйымын банкке айналдырды. Былтыр тамызда KMF ресми түрде банк ретінде қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге лицензия алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар