Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада өтетін «Болашақ ойындарына» 24 млрд теңге жұмсалады

kz.kursiv.media

Астанада өтетін «Болашақ ойындарына» 24 млрд теңге жұмсалады

Астана қаласында өтетін Болашақ ойындарын өткізу үшін 24 млрд теңге жұмсалады. Оның шамамен 10 млрд теңгесі (соманың 45 пайызы) бюджет есебінен бөлінсе, қалған 14 млрд теңгесі демеушілік қаражат есебінен тартылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты.

Вице-министрдің айтуынша, додаға шетелден 2,5 мыңға жуық қонақ келеді. Жарыс төрт түрлі алаңда сегіз спорт түрі бойынша өтеді.

Баспасөз конференциясы барысында журналистер қатысушылардың жатақ-орын мен тамақтану шығындары неліктен ұйымдастырушылар есебінен төленетінін сұрады.

«Бұл тәртіп бұрыннан бар. Қазан қаласы мен Абу-Дабиде өткен алдыңғы екі турнирде де қонақтардың тұруы мен тамағына қаражат қарастырылған болатын. Бұл – халықаралық тәжірибе мен қолданыстағы ережелерге сай қадам», – деп жауап берді ұйымдастырушылар.

Олар шақырылған спортшыларға кететін бұл шығындар іс-шараның жалпы бюджетінен емес, толықтай демеушілердің қолдауымен жабылатынын нақтылады.

Айта кетейік, 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры демеушілік қаражат есебінен 4 млн 650 мың долларды құрайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар