Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мамыр айында Германияға мұнай жеткізбеген

kz.kursiv.media

Қазақстан мамыр айында Германияға мұнай жеткізбеген

Қазақстан мамыр айында Германияға мұнай жеткізбеген Сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі мен Ақтау теңіз порты арқылы өтетін «Баку–Тбилиси–Джейхан» (БТД) бағытындағы мұнай экспортының азайған. Бұл туралы Reuters агенттігі «ҚазТрансОйл» компаниясының баспасөз қызметінен сілмесе жасап хабарлады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, мамыр айында Ақтау портынан «Баку–Тбилиси–Джейхан» мұнай құбырына қарай 125 мың тонна қазақстандық шикізат жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 мың тоннаға аз.

Ал КҚК жүйесіне айдалған мұнай көлемі 102 мың тоннаға кеміп, 395 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар компания мамыр айында Германия бағытына мұнай экспортын жүзеге асырмағанын мәлімдеді.

Десе де, кейбір бағыттар бойынша тасымал көлемінің өскені байқалады. Мәселен, «Өзен–Атырау–Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау–Самара» учаскесі арқылы тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 84 мың тоннаға артып, 654 мың тоннаға жетті. Оның ішінде Усть-Луга портына – 301 мың тонна, ал Новороссийск портына 353 мың тонна өнім жіберілген.

Шығыс бағытында да оң динамика қалыптасып отыр. Мамыр айында «Атасу–Алашаңкөл» магистральдық мұнай құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына 83 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталды, бұл өткен жылдың мамырынан 4 мың тоннаға артық. Бұған қоса, аталған бағыт бойынша Ресей мұнайының транзиті де 7 мың тоннаға ұлғайып, 859 мың тоннаны құрады.

Айта кетерлігі, «Достық» (Дружба) құбыры арқылы Германияға, БТД арқылы Түркияның Джейхан портына және Қытайға шығатын бағыттар Қазақстан үшін маңызды балама бағыт.

Бұл маршруттар Батыс санкцияларына іліккен Ресей портына тәуелді болмауға мүмкіндік береді.

Алайда Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалы тоқтаса да, Қазақстанның мұнай экпортына әсері болмайтынын мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар