Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан "Байсат" базары Алматы әкімдігі меншігіне өтуі мүмкін

kz.kursiv.media

Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан Байсат базары Алматы әкімдігі меншігіне өтуі мүмкін

Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан «Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне өтуі мүмкін. Бұған дейін бірнеше рет аукционға шығарылған базарды сатып алушылар жоқ. Сондықтан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті оны қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Комитет төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді.

Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, егер нысандағы мемлекеттік үлесті сату мүмкін болмаса, оны жергілікті атқарушы органның теңгеріміне өткізу мәселесі пысықталады. Нысан бұған дейін бес рет аукционға қойылып, 26–28 миллиард теңгеге бағаланған.

«Байсат» мемлекет меншігіне – KUVA иелігіне осыдан шамамен екі жыл бұрын өткен. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды оны 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке «ерікті түрде» қайтарған.

1,4 гектар жердегі үш нысаннан тұратын мүлікке Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтан иелік еткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар