Бойжеткен Сайранға батып өлмек болған
Құтқарушылар Алматыдағы Сайран көліне батып, өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды.
Жарияланған видеода құтқару кезінде қыз баланың «өлейінші» деген даусы естіледі.
«Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу барысында Алматы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері суицид жасау әрекетінің алдын алды. Жағалауда кезекшілікте болған құтқарушылар батып бара жатқан қызды байқап, оны жедел түрде судан алып шығып, жағаға жеткізді. Жәбірленушіге қажетті көмек көрсетілді.» делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды өміріне жауапкершілікпен қарауға, қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады.
Бұған дейін, жыл басталғалы 10 адам суға кетіп қаза тапқанын жазғанбыз.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 14
-
-
- Маусым, 13
-
- Маусым, 12
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 маусым 2026