Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайлық BYD бес жылда Toyota-ны басып озуды жоспарлап отыр

kz.kursiv.media

Қытайлық BYD бес жылда Toyota-ны басып озуды жоспарлап отыр

Қытайлық BYD Auto компаниясы алдағы бес жыл ішінде әлемдегі ең ірі автокөлік өндірушіге айналуды көздеп отыр. Осылайша ол Toyota Motor Corporation мен Volkswagen AG компанияларын басып озуды жоспарлап отыр. Мұндай мәлімдемені BYD Auto директорлар кеңесінің төрағасы Ван Чуаньфу Шэньчжэнь қаласында өткен акционерлердің жалпы жиналысында айтты.

Оның айтуынша, екінші буындағы Blade аккумуляторы компанияның ауқымын кеңейтудегі басты драйверлердің біріне айналады.

«Бес жылдан кейін BYD өндіріс көлемі бойынша шынымен де әлемдегі ең ірі автокөлік өндіруші болады», – деді Ван Чуаньфу.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша BYD Auto құрамына кіретін BYD, Denza, Fangchengbao және Yangwang брендтері 4,6 млн автокөлік сатқан. Бұл – әлем бойынша бесінші көрсеткіш. Ал әлемдік нарық көшбасшысы Toyota Motor Corporation 11,3 млн көлік сатқан, оның құрамына Toyota, Lexus, Hino және Daihatsu брендтері кіреді.

Егер жапон автоконцерні қазіргі өндіріс деңгейін сақтайтын болса, BYD Auto компаниясына жыл сайын 1 миллионнан астам көлік сатылымын арттыру қажет болады. Алайда компания әзірге мұндай өсімді көрсетіп отырған жоқ.

2026 жылдың мамыр айында BYD Auto Қытай автонарығындағы көшбасшылық орнын қайта иеленіп, 383 мыңнан астам көлік сатқан. Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылдың мамырымен салыстырғанда бар болғаны 0,25%-ға жоғары.

Айта кетейік, Қазақстанда электрокөліктер мен гибридтер нарығының саудасы қызып тұр. NEV (New Energy Vehicles) сегментіндегі автомобильдер саудасы төрт айда бес есеге жуық өсті. Мәселен, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстандағы NEV сегментіндегі ең танымал модель гибридті BYD Song Plus DM-i болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар