Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Төмен пайызбен несие рәсімдеп беруге уәде берген…

kz.otyrar.kz

Төмен пайызбен несие рәсімдеп беруге уәде берген…

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі сомаға интернет-алаяқтық қылмысын жасаған күдіктіні ұстады.

Ол өзін банк қызметкері ретінде көрсете отырып, әлеуметтік желілер арқылы Түркістан қаласының тұрғынын төмен пайызбен несие рәсімдеу мүмкіндігіне сендіргені анықталды. Сенімге кіріп, түрлі сылтаулармен жәбірленушіден 2,5 миллион теңгеден астам ақша алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық жағдайлар анықталуда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 3 интернет-алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Шығынның жалпы көлемі 7 миллион теңгеден асады.

Өз кезегінде полиция азаматтарға ескертеді: әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарландыруларға сенбеңіз және белгісіз адамдарға жеке мәліметтер мен қолма-қол ақша аудармаңыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар