Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әл-Фарабидегі апат: сотта Zeekr жүргізушісі қанша мөлшерде ішімдік ішкені айтылды

kz.kursiv.media

Әл-Фарабидегі апат: сотта Zeekr жүргізушісі қанша мөлшерде ішімдік ішкені айтылды

Алматыда үш адамның өмірін қиған әл-Фараби даңғылындағы атышулы жол апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 15 маусымдағы сот отырысында айыпталушы Александр Пакқа қатысты медициналық сараптама қорытындысы оқылды.

Судья Еркін Майшинов оқыған құжаттарға сүйенсек, қайғылы оқиға болған түні Пак таныстарымен бірге мейрамханада отырған. Олар 2,25 литр шарап, 0,9 литр виски, 0,2 литр текила және түрлі алкогольді коктейльдерге тапсырыс берген.

«Сараптама Александр Пактың қанында ішімдік бар-жоғын анықтады. Қорытындыға сәйкес, оның қанынан 1,3 промилле этил спирті табылған, есірткі заттары анықталған жоқ.. Бұл жеңіл дәрежедегі мас күйді тудыруы мүмкін», – деді іс материалдарын оқыған судья Майшинов.

Бұған дейін жауап алынған Пактың жолдастары да мейрамханадан шыққаннан кейін жол ережесін өрескел бұзып, жарысқандарын растады. Сол үшін олардың бір бөлігі жүргізуші куәлігінен айырылып үлгерген.

Бүгінгі сот отырысы барысында процеске тағы бір жәбірленуші – Mercedes көлігінің қаза тапқан жүргізушісі Еламанның туған ағасы Қанат Тілемесов ресми түрде қосылды. Ол отбасының айыпталушыға материалдық немесе өзге де талап қоюдан бас тартқанын жеткізді.

«21 наурызда таңғы 7:30-да маған қарындасым хабарласып, Еламаннан айырылып қалғанымызды айтты. Мәйітханаға барып, таныдық. Содан кейін арыз жаздық. Құжаттарын, телефонын, заттары мен сағатын алып кеттім. Менің ешқандай талабым жоқ, біз оған кешірім бердік, ары қарай бәрі заң жүзінде болсын», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін, 8 маусымда басқа да жәбірленуші тараптар Пакты толық кешіргендерін мәлімдеп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды ресми түрде сұраған еді. Zeekr жүргізушісі кінәсін толық мойындап отыр.

Айта кетейік, қайғылы апат 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Александр Пак Zeekr электромобилін мас күйінде тізгіндеп, жоғары жылдамдықпен көше жарысын ұйымдастырған. Кейін рөлге ие бола алмай қалып әл-Фараби даңғылында қарсы бетке шығып кетіп, Mercedes-Benz жеңіл көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар