Алаяқтар құқық қорғау органдары басшыларының атын пайдалана бастады
Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті. Соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеген.
Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлғалар, бұрынғы әріптестер немесе таныстар ретінде таныстырады. Олар түрлі сылтаулармен азаматтардан шұғыл түрде ақша аударуды немесе қарызға беруді сұрайды.
Ведомство өкілдері ақша аударуды сұраған хабарламаларға сенбеуге шақырады. Мұндай өтініштер өзіңізге таныс немесе белгілі адамдардың атынан келсе де, олардың шынайылығын міндетті түрде тексеру қажет.
«Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер», – деп ескертті ІІМ.
Айта кетейік, елде азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып алаяқтыққа тарту жайттары артқан.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 маусым 2026