Мәжілістегі депуттартдан кім белсенді, кім үнсіз
Мәжіліс депутаттарының ресми түрде жұмысын аяқтауға 2 апта қалғанымен, Kurisv Media 2023 жылғы 29 наурыздан бері жиналған депуттатардың сауалдарын талдап көрді. Яғни 4 сессиядағы белсенді депуттардың рейтингісін құрап, белсенді депуттарды анықтадық.
Сараптама көрсеткендей жалпы 4 сессиядағы белсенділік көрсеткіші депутаттар арасында үлкен айырмашылық бар екенін көрсетеді. Мәжіліс сайтындағы деректерге сүйенсек, 98 депутаттың жалпы белсенділік саны 10 177-ге жеткен.
Ең белсенді депутаттар тізімін Ирина Смирнова бастап тұр. Оның төрт сессиядағы жалпы көрсеткіші – 324. Одан кейін Қазыбек Иса – 321 көрсеткішпен екінші орында. Үшінші орында – Тимұр Серіков, оның жалпы көрсеткіші 249-ға жеткен.
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ерлан Бейсенбаев – 243, Нартай Тау – 235, Айгүл Сағандықова – 233, Гүлдара Танашева – 230, Азат Перуашев – 226, Дания Еспаева – 217 және Еркін Барлыбаев – 215 көрсеткішпен кірді.
Жалпы, 200-ден жоғары көрсеткішке ие депутаттар саны – 12. Бұл депутаттарды шартты түрде ең белсенді топ деуге болады. Ал 100-ден жоғары көрсеткіш көрсеткендер саны – 40 депутат.
Сессиялар бойынша қарасақ, ең жоғары белсенділік 2-сессияда тіркелген. Бұл кезеңде депутаттардың жалпы көрсеткіші 3541 болды. 3-сессияда – 3053, 4-сессияда – 1996, ал 1-сессияда 1587 көрсеткіш тіркелген.
Дегенмен белсенділік барлық депутатта бірдей емес. Кесте бойынша ең төмен көрсеткіш көрсеткен депутаттар қатарында Ғалымжан Елеуов – 7, Мәди Такиев – 8, Мұрат Ескендіров – 8, Светлана Имашева – 11, Татьяна Савельева – 14, Марат Башимов – 16, Талғат Адамбеков – 17, Айгүл Құспан – 18 және Дмитрий Колода – 19 көрсеткішпен тұр. Бұл жерде ескере кететін жағдайлардың бірі – депутаттық өкілеттіліктің тоқтауы.
Бұл топты шартты түрде «үндемес депутаттар» деп атауға болады. Бірақ мұнда бір нәрсені ескеру керек: кесте тек сандық белсенділікті көрсетеді. Депутат жұмысының сапасы тек сөйлеу, сауал жолдау немесе тіркелген белсенділік санымен ғана өлшенбейді. Кейбір депутаттар комитет жұмысы, заң жобаларын әзірлеу немесе фракция ішіндегі талқылаулар арқылы да жұмыс істеуі мүмкін.
Соған қарамастан, ашық дерек депутаттардың жария алаңдағы белсенділігі әртүрлі екенін көрсетіп отыр. Бір топ депутат тұрақты түрде көзге түссе, екінші топтың көрсеткіші өте төмен. Сайлаушы үшін мұндай рейтинг депутаттың Мәжілістегі нақты белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Парламентінің 8-ші шақырылымы жұмыс істей бастағалы Мәжіліс депутаттары Үкімет пен құзырлы органдарға мыңдаған сауал жолдады. Статистикалық талдау көрсеткендей, халық қалаулылары көбінесе салалық министрліктерден гөрі, тікелей Премьер-Министрден немесе оның орынбасарларынан саяси шешімдер мен нақты жауап күтеді.
Ең көп сауал тікелей Министрлер кабинетінің басшысына жолданған – барлығы 710 сұраным. Оның ішінде қазіргі Премьер-Министр Олжас Бектеновке 477 сауал (67,2%) түссе, бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың тұсында бұл көрсеткіш 233 сауалды (32,8%) құраған. Бұл Бектенов кабинеті келгелі Парламент белсенділігінің артқанын немесе Үкіметтің жаңа құрамынан күтілетін талаптың күшейгенін аңғартады.
Әлеуметтік блок алда Премьер-Министрдің орынбасарларына барлығы 224 сауал бағытталған. Олардың арасында әлеуметтік блокқа жетекшілік ететін вице-премьер Тамара Дүйсенова абсолютті көшбасшы (114 сауал немесе жалпы көлемнің 50,9%-ы). Бұл қоғамдағы білім, денсаулық сақтау және еңбек қатынастары мәселелерінің Парламент қабырғасында өте өткір тұрғанын көрсетеді. Одан кейінгі орындарда Ермек Көшербаев (46), Алтай Көлгінов (36) және су тасқынынан кейін тағайындалған Қанат Бозымбаев (28) тұр. Ал бірінші вице-премьер Роман Склярдың атына тікелей 172 сауал жолданған.
Экономика және Қаржы Экономика және сауда блогы бойынша Серік Жұманғариннің атына 94 сауал (93,1%) түскен. Бұл оның екі бірдей ауқымды саланы (сауда және ұлттық экономика) қатар алып жүрген кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ал қазіргі Экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа әзірге 7 сауал жолданған.
Қаржы министрлігіндегі жағдай да осыған ұқсас: экс-министр Ерұлан Жамаубаевқа 20 сауал бағытталса, жаңа министр Мәди Тәкиевке 10 сауал қойылған.
Денсаулық сақтау жүйесі МӘМС (ОСМС) жүйесіндегі олқылықтар мен ауруханаларды қаржыландыру мәселесі Парламентте жиі көтерілетіндіктен, Денсаулық сақтау министрлігіне де сұрақ көп. Жыл басында тағайындалған министр Ақмарал Әлназароваға қысқа уақыт ішінде 24 сауал (66,7%) түсіп үлгерген. Салыстыру үшін айтсақ, экс-министр Ажар Ғинияттың тұсында (осы шақырылым аясында) 12 сауал жолданған екен.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 маусым 2026