Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көші-қон заңнамасын бұзған 1,5 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды

kz.kursiv.media

Көші-қон заңнамасын бұзған 1,5 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды

Елде «Заңсыз келуші» іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 13 мыңнан астам шетел азаматы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Іс-шара барысында жеке және заңды тұлғалармен шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібін сақтау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ министрлік шетелдіктерге тұрғын үй беру және тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

Бұдан бөлек, шетел азаматтарының тұрғылықты жерлері, құрылыс нысандары, базарлар, ұйымдар мен шетелдіктердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер тексерілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 13 035 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде елде болу қағидаларын бұзғаны үшін 9 359 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 3828 шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 882 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Елде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полиция органдарын уақытылы хабардар етпегені үшін 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

Сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. 122 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды.

Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталды.

Халықаралық іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің әділ сот органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды.

“Анықталған құқық бұзушылықтарды талдау нәтижесі көрсеткендей, көптеген жағдайда көші-қон заңнамасының бұзылуына заңсыз әрі тез табыс табуды көздеген Қазақстан азаматтарының өздері себеп болып отыр», – деп жазды министрлік.

Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар