Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуразиялық банктің топ-менеджерлері 1,7 млрд теңге сыйақы алған

kz.kursiv.media

Еуразиялық банктің топ-менеджерлері 1,7  млрд теңге сыйақы алған

«Еуразиялық банк» басқарма мүшелеріне 2025 жыл үшін 1,69 млрд теңге төледі. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 56%-ға немесе 606,8 млн теңгеге өскен. Бұл туралы банк Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.

Былтыр банктің атқарушы органының құрамында жеті адам болған: басқарма төрағасы Ләззат Сатиева мен оның алты орынбасары: Сабыржан Бекбосынов, Ғазиз Ермеков, Ибрагим Әлтамиров, Асқар Хамидуллин, Айнагүл Дәулетбаева және Ерланбек Қаппар.

Ерланбек Қаппаров. 2026 жылдың сәуір айының соңында басқарма құрамынан шығарылған.

«Еуразиялық банктің» таза пайдасы былтыр 82%-ға төмендеп, 16,4 млрд теңгені құраған. Әсіресе желтоқсан айында 28,7 млрд теңге шығын тіркелген.

«Еуразиялық банк» «Еуразиялық қаржы компаниясына» (ЕҚК) тиесілі. ЕҚК акционерлері – Патох Шодиев (33%), Шухрат Ибрагимов (30%), Мұқадасхан Ибрагимова (3%), сондай-ақ Александр Машкевичтің мұрагерлері. Машкевичтің жесірі мен қыздары банктің ірі акционерлері мәртебесін биыл наурызда алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар