"1 шілдеден бастап аулада көлік қоюға тыйым салынады": ІІМ ресми мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігі тұрғын үйлердің аумақтарына көлік қою мәселесіне қатысты ресми түсініктеме берді.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, әлеуметтік желілерде 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап үй маңында көлікті тұраққа қоюға тыйым салатын нормалар енгізіледі деген ақпарат тараған.
Осыған байланысты ІІМ тұрақтарға байланысты еш өзгеріс енгізілмегенін айтты.
Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою талаптары бұрынғыдай қалады. Дегенемн көліктерді гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға қатаң тыйым салынады», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ІІМ жол жүру ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жолдарда барынша мұқият әрі сақ болуға, сондай-ақ өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға тағы да шақырады.
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударамыз. Ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың жүріс-тұрысын бақылауды күшейтуді, оларға көшедегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және жолдың жүру бөлігінде, жолға жақын жерлерде және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін басқа да орындарда ойнауға болмайтынын үнемі түсіндіріп отыруды ұсынамыз», – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанда 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің жанына автокөлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі де бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін «Медеу» спорт кешенінің автотұрағы жарты жылға жабылатынын жазған едік.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 15
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 маусым 2026