Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Студенттердің емиханы алдында Үндістан телеграмды бұғаттап тастады

kz.kursiv.media

Студенттердің емиханы алдында Үндістан телеграмды бұғаттап тастады

22 маусымда Үндістанда өтетін NEET-UG емтиханы алдында ел үкіметі телеграм желісін бұғаттап тастайтын болды. Үндістанның Ұлттық тестілеу агенттігі бұл қадам түлектер арасындағы алаяқтықты тоқтатып, жалған ақпарат таратпауға ықпал етеді деп жазады Hindustan Times.

Электроника және ақпараттық технологиялар министрлігінің бұйрығымен елде емтихан кезінде Telegram жұмысы шектеледі. 30 маусымға дейін ел аумағында мессенджердегі хабарламаларды өңдеу функциясы да уақытша өшіріледі. Ұлттық тестілеу агенттігі дерегінше, алаяқтар телеграм арналар арқылы емтихандағы тапсырмаларды саудалаған, сондықтан да осындай шешім қабылданып отыр.

Билік хабарламаларды өңдеу функциясына да ерекше назар аударды. Реттеушінің пікірінше, кейбір әккі пайдакүнемдер жарияланған күнін өзгертпей-ақ, ескі жазбалардың мәтінін жаңадан өңдеп қоя алады.

Министрлік шектеулердің мессенджерді пайдаланатын барлық азаматтарға әсер ететінін мойындады. Өз кезегінде Telegram өкілдері аталған шешім емтихан материалдарын таратқандарды емес, Үндістандағы 150 миллион қарапайым пайдаланушыны жазалаумен тең екенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз: Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге шектеу қоймақшы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар