Жыл басынан бері 50-ден астам есірткі зертханасы жойылды
2026 жылдың бес айында синтетикалық есірткі өндіретін 12 зертхана және 42 фитозертхана жойылды. 12 мыңға жуық заңсыз онлайн-ресурс бұғаттауға жіберілді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов айтты.
Сонымен қатар жыл басынан бері үш мыңнан астам есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде шамамен 1,5 мың есірткі қылмысы анықталды. Алты ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды.
«Ұлттық банкпен бірлесіп, есірткі бизнесіне қатысты қаржы операцияларына тосқауыл қойылып жатыр. Нәтижесінде 107 миллион теңгеден астам күмәнді қаржы аударымы тоқтатылды. 125 мыңға жуық шетелдік төлем картасы бұғатталды.
Сондай-ақ 20 мың криптоәмиян тексеріліп жатыр. Үлкен қауіптің бірі – синтетикалық есірткілер. Заңсыз айналымнан 466 килограмм синтетикалық есірткі және 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленді», – деп ақпарат берді ІІМ өкілі.
Айтуынша, жыл басынан бері мектептер мен жоғары оқу орындарында 6,5 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізілді. Сегіз мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды.
Айта кетейік, күні кеше Павлодар қаласында есірткіні көкнәр тұқымы деп көрсеткендер сотталған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Маусым, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 маусым 2026