Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Мен үшін үлкен мәртебе": Головкин Даңқ залына енуіне қатысты пікір білдірді

kz.kursiv.media

Мен үшін үлкен мәртебе: Головкин Даңқ залына енуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) енуіне қатысты пікір білдірді.

Ол өзінің мәлімдемесін 16 маусымда Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Өздеріңіз білетіндей, осы аптада мен ресми түрде Бокс даңқы залына ендім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі өте ерекше сәт. Есімің әлемдік бокстың ең ұлы өкілдерімен бір қатарда тұрғандағы мәртебенің маңыздылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл жетістік 35 жылдан астам уақыт бойғы қажырлы еңбектің, темірдей тәртіп пен мақсатқа деген ұмтылыстың нәтижесі. Үлкен белестерді бағындыра алатыныма ешқашан күмәнданған емеспін. Осы жылдар ішінде маған қолдау көрсеткен баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Біздің спорт түрінің тарихына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың қатарынан табылғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды ол.

Айта кетейік, 15 маусымда Геннадий Головкиннің элиталық Халықаралық бокс даңқы залына кірген Қазақстан тарихындағы тұңғыш өкіл болғаны белгілі болды.

Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сияқты аңыз тұлғалармен ресми түрде бір қатарда тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар