Тоқаев елдегі ауруханалар мен емханаларға қайта жөндеу жүргізуге тапсырма берді
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында сөз сөйлеген Тоқаев үкіметке елдегі ауруханалар мен емханаларды қайта жөндеуден өткізу туралы тапсырма берді.
«Алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет», – деді ол.
Президенттің дерегінше, 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынған. Олардың ішінде ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бар. Биыл тағы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 маусым 2026