Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Синоптиктер Қазақстанда аптап болып нөсер жауатынын ескертті

kz.kursiv.media

Синоптиктер Қазақстанда аптап болып нөсер жауатынын ескертті

Синоптиктер 18 маусымда елде тұрақсыз ауа райы орнайды деп болжап отыр.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін. Қазақстанның батысы мен солтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша желдің күшейеді. Солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

+40 градусқа дейін аптап ыстық

Ауа райының тұрақсыздығына қарамастан, бірқатар өңірде қатты ыстық сақталады. Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

Аптап ыстық пен желді ауа райы салдарынан бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып тұр.

Жоғары өрт қаупі Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде жарияланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар