Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде жоғалған екі бала іздестіріліп жатыр

kz.kursiv.media

Семейде жоғалған екі бала іздестіріліп жатыр

Семей полициясы бір тәуліктен бері жоғалып кеткен екі жасөспірімді іздестіріп жатыр. Олар – 14 жастағы Рахымжан Үкіртаев және 8 жастағы Әлихан Қайратов.

Полиция мәліметінше, олар 17 маусымда кешкі 20:00 шамасында Семей қаласы, Восточный елдімекені маңында болған. Одан кейін қайда кеткені белгісіз.

Полиция қызметкерлері жедел түрде іздестіру шараларын ұйымдастырды. Кәмелетке толмағандардың болуы мүмкін орындары тексеріліп жатыр

«Абай облысының Полиция департаменті қала тұрғындарынан іздестіру жұмыстарына жәрдемдесуді сұрайды. Егер балалардың жүрген жері туралы білсеңіз немесе оларды іздеп табуға көмектесетін қандай да бір ақпарат болса, тез арада 102 телефонына немесе 8 (747) 310-67-30 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Семей полициясынан.

Бұған дейін Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Ерзат Егінбай туралы жазып едік. Үш күннен кейін оның мәйіті табылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар