Қазақстандықтар шағын қозғалтқышты көліктерге көбірек ауыса бастады
Kursiv Media зерттеуінше, Қазақстанда қозғалтқыш көлемі бойынша көлік құрылымында бір жылда айтарлықтай өзгеріс байқалды. 2026 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша, қозғалтқыш көлемі көрсетілген негізгі көлік санаттарының жалпы саны 5,69 млн бірлік болды. 2025 жылғы дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 6,30 млн бірлік еді. Яғни бір жылда салыстырмалы санаттар бойынша көлік саны 611,7 мыңға, немесе шамамен 9,7%-ға азайған.
2025 және 2026 жылғы 1 маусымдағы дерек салыстырылды. Төмендегі графикте қозғалтқыш көлемі бойыншакөлік саны көрсетілген. Мышканы жолақтың үстіне апарсаңыз, нақты мән шығады.
Ең үлкен топ бұрынғысынша 1500–2000 куб сантиметр аралығындағы қозғалтқышы бар көліктер болып отыр. 2026 жылы мұндай көліктер саны 2,07 млн бірлікке жетті. Дегенмен 2025 жылмен салыстырғанда бұл санат та қысқарған: бір жыл бұрын олардың саны 2,37 млн болған. Айырма – 295 мың көлік, немесе 12,5%.
Екінші орында 1500 куб сантиметрге дейінгі қозғалтқышы бар көліктер тұр. Бұл санаттағы көлік саны 2025 жылғы 1,24 млн-нан 2026 жылы 1,19 млн-ға төмендеді. Яғни азаю көлемі 49 мың көлік, немесе 4% шамасында. Басқа санаттармен салыстырғанда бұл – ең баяу қысқарған топ.
Ірі қозғалтқышты көліктерде төмендеу айқынырақ. 4000 куб сантиметрден жоғары қозғалтқышы бар көліктер саны бір жылда 597,5 мыңнан 500,2 мыңға түсті. Бұл – 97,2 мың көлікке, немесе 16,3%-ға азаю. Осылайша ең қатты қысқарған санат дәл осы ірі қозғалтқышты көліктер болды.
2500–4000 куб сантиметр аралығындағы көліктер де азайды. 2025 жылы бұл санатта 864,3 мың көлік болса, 2026 жылы 742 мыңға түскен. Төмендеу – 122,3 мың көлік, немесе 14,2%. Ал 2000–2500 куб сантиметр санатында көлік саны 977,7 мыңнан 852,4 мыңға азайды.
Көбейген жалғыз санат – «өзге де» қозғалтқыш көлемі. Бұл топтағы көлік саны 2025 жылғы 257,5 мыңнан 2026 жылы 334,7 мыңға жетті. Бір жылдағы өсім — 77,2 мың көлік, немесе 30%.
Жалпы алғанда, дерек Қазақстанда қозғалтқыш көлемі үлкен көліктердің қысқаруы шағын қозғалтқышты көліктерге қарағанда жылдамырақ жүріп жатқанын көрсетеді. Әсіресе 4 литрден жоғары қозғалтқышы бар көліктер санының азаюы айқын. Ал 1500 куб сантиметрге дейінгі көліктер де азайғанымен, бұл санат жалпы құрылымда салыстырмалы түрде тұрақты қалып отыр.
Айта кетейік, үздік жүрілген кроссоверлер анықталды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 маусым 2026