Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлем Чемпионаты - 2026: 1-тур қорытындысы мен турнирлік кесте

kz.kursiv.media

Әлем Чемпионаты - 2026: 1-тур қорытындысы мен турнирлік кесте

АҚШ, Мексика және Канада төрінде жалауы желбіреген футболдан Әлем чемпионатының 1-туры өз мәресіне жетті. Алғашқы кездесулерде-ақ күтпеген нәтижелер мен қызықты ойындар болды.

Kursiv Media бірінші турдың негізгі қорытындылары мен командалардың қазіргі жағдайына шолу ұсынады.

Алғашқы турда Алжирді 3-0 ірі есеппен тізе бүктірген Аргентина командасы турнирдегі ең теңгерімді әрі тактикалық тұрғыдан ұйымдасқан ұжым ретінде көзге түсті. Месси бастаған жігіттер 2022 жылғы Әлем чемпиондары екенін де ұмытпаған жөн.

Германия (Кюрасаоға қарсы 7:1) мен Англия (Хорватияға қарсы 4:2) шабуылда атой салғанымен, қорғаныс шебінде үлкен саңылаулар бар екенін байқатты. Сондай-ақ, Франция Сенегалды 3:1 есеппен жеңгенімен, ойынында әлі де үйлесімділік жетіспейді. Алаңда басты плеймейкердің жоқтығынан бұл міндетті жас жұлдыз Майкл Олисе өз мойнына алуға мәжбүр. Мбаппе, Дембеле, Дуе сияқты «сен тұр мен атайын» деген жігіттердің әрқайсысы көрпені өз жағына тартып жатқандай көрінеді.

Португалия, Испания, Бразилия және Түркия алғашқы турда үмітті ақтамады. Әсіресе, ДР Конгомен тең түскен Португалия құрамасы Криштиану Роналдудың тактикалық «тұтқынында» қалғандай әсер қалдырды.

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары өздерінің жауынгерлік мінезімен турнирдің басты тосынсыйына айналды. Сондай-ақ, Испания қарсы ойында 0-0 есебімен тең түскен Кабо-Верде аралы да дүйім жұртты таңғалдырды.

Ал тарихи дебютін жасаған Өзбекстан құрамасы Колумбияға қарсы (1:3) алғашқы голын соққанымен, Латын Америкасының алпауытына қарсылық көрсете алмады.

Төменде 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі командалардың алғашқы турдан кейінгі жағдайы көрсетілген.

1-турдан кейінгі турнирлік кесте

Шілденің 19-на дейін жалғасатын бұл дүбірлі додада топтық кезеңнен кейін мықтылар плей-оффқа шығады. Алда жанкүйерлерді бұдан да қызықты 2-тур матчтары күтіп тұр. Барлық ойындардың кестесін сілтеме арқылы көруге болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар