Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық екінші рет өтпей қалды

kz.kursiv.media

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық екінші рет өтпей қалды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Алматыдағы Kaisar Plaza бизнес-орталығы электронды сауда порталында тағы да сатылмады. Нысанның бастапқы бағасы 7 миллиард теңгеге төмендеген еді.

Аталған нысан осымен екінші рет сатуға шығарылды. Ғимараттың құны 61 547 298 223 теңгеден 54 445 686 890 теңгеге дейін арзандады. Кепілдік жарна көлемі 8 166 853 034 теңгені құрайлы.

Сауда-саттық 17 маусымда сағат 10:00-де басталғанымен аукционға тіркелген қатысушылар болмаған.

Жалпы аумағы 63,9 мың шаршы метрді құрайтын бизнес-орталық Алмалы ауданындағы Желтоқсан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғимарат 9 қабаттан тұрады, қазіргі уақытта орталықтағы кеңселерді 53 кәсіпкер жалға алып отыр.

Әлеуетті сатып алушыларға құжаттардағы сәйкессіздіктер туралы алдын ала ескертілген еді. Бір құжатта нысанның ауданы 63 920 м² деп көрсетілсе, техникалық паспорттың дубликатында 56 480 м² деп берілген.

Айта кетейік, 2025 жылдың ақпан айында Kaisar Plaza қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға берілген еді.

Бұған дейін Алматыда орналасқан «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы осымен бесінші мәрте электронды аукционда өтпей қалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар