Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқу-ағарту министрі Сүлейменова оқулықтардағы 700 қатені түзетуге кірісті

kz.kursiv.media

Оқу-ағарту министрі Сүлейменова оқулықтардағы 700 қатені түзетуге кірісті

Жұлдыз Сүлейменова елдегі жетекші баспа басшыларын Астанаға жинап, оқулықтардағы қателерді жою керектігін ескертті. Бір апта бұрын вице-премьер Аида Балаева оқу құралдарында 700-ден астам қате табылғанын мәлімдеген.

Оқу-ағарту министрлігіндегі жиналыста «оқулықтар мазмұнын өзектендіру, олардың білім беру стандарттарына, заманауи білім беру тәсілдеріне сәйкестігіне» назар аударылған.

Сүлейменова баспа басшыларына мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жөніндегі міндеттерді жеткізіп, жаңа басылымдар дайындау және шығару мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Министрлік мәліметінше, Сүлейменова өткізген жиналыста вице-премьер Балаева көтерген мәселе де талқыланған. Естеріңізге сала кетейік, шенеунік 10 маусымда «қолданыстағы оқулықтар бойынша әртүрлі сипаттағы 700-ден астам ескертпе мен қате анықталғанын» Facebook-тегі парағына жазған.

«Олардың қатарында техникалық және стильдік кемшіліктер, деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, жекелеген материалдардың оқу бағдарламаларымен үйлеспеуі, сондай-ақ ескірген әдіс-тәсілдер мен тұжырымдамалардың қолданылуы бар», – деген вице-премьер.

Балаева әсіресе «тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пайымдарға» ерекше алаңдаған.

Сүлейменованың айтуынша, жаңа оқулықтар 3 және 7-сыныптар үшін 2026 жылғы 30 тамызға дейін, 4 және 9-сыныптар үшін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, 8-сыныптар үшін 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жеткізілуі тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар