Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еңбек министрі курьер анаға қатысты пікір білдірді

kz.kursiv.media

Еңбек министрі курьер анаға қатысты пікір білдірді

Бүгін үкімет отырысында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев баласымен курьер болған анаға қатысты жаңа деректерді айтты.

Министрдің сөзінше, жас отбасы Шымкенттен Астанаға көшіп келген. Отағасының жоғары білімі бар, бірақ тұрақты жұмысы жоқ. Ал курьер болған келіншек техникалық орта білім алған.

«Күйеуі ауырып жатқан жоқ. Кредиті бар 2 млн теңгеге, автомобилі бар, Шымкентте олар жақсы өмір сүреді. Туған ағасы ломбард саласында жұмыс істейді.Ата-анасының да жағдайы жаман емес», – деді министр.

Асқар Ертаевтың сөзінше, келіншектің жұбайы ауырып жатыр деген ақпарат та шындыққа жанаспайды екен. Қазір оған Мансап орталығынан бірнеше бос жұмыс орындарын ұсынған.

Болған жағдайға пікір білдірген еңбек министрі баласымен бірге курьер қылып алған компанияға да сұрақтар бар екенін айтады.

«Иә, ол шынымен курьер ретінде тіркелген. Бірақ бізде ол орналасқан компанияға қатысты сұрақтар бар. Жұмысқа шығар алдында қандай нұсқаулық айтылды, оны баламен қалай жұмысқа шығарған. Қазір жұмыспен қамту платформасы уақыт сұрады, олардың жауабын күтіп отырмыз. Келесі аптада диалог жалғастырамыз», – дейді Асқарбек Ертаев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар