Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шекара асқан қаржы: мемлекет заңсыз капиталдың жолын кеспек

kz.kursiv.media

Шекара асқан қаржы: мемлекет заңсыз капиталдың жолын кеспек

Қаржы нарығын реттеуші органдар мен салық комитеті тауар әкелемін деп шекарадан қомақты шығарып алып, оны жеткізбеген кәсіпкерлерден сыртқа кеткен валютаны қайтаруды талап етеді. Өйткені әр мемлекет өзінің қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз етуі шарт. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов шетелге қаржы себепсіз кетпес үшін қатаң шаралар қолданылатынын айтады.

«Капитал ағынын бақылау – мемлекеттің қаржы қадағалаудағы басты функциясының бірі. Ақша бақылаусыз ары-бері аға бермеуі керек. Мәселен, біреу трактор аламын деп келісіп, шетелге ақша аударғанымен, тракторы келмесе, онда мемлекет бизнесменнен ақшаны қайтар деп талап етеді. Яғни сен ақшаны шетелге шығарумен айналысып жатырсың»,- дейді бас банкир.

Сондықтан мемлекет бұндай жайттардың алдын алу үшін, валютағы бағылау агенттері арқылы шетелге кеткен қаржыны қайтарып алуға міндетті. Тауар сатып алуға деген ақша мақсатты жұмсалмай, шотта жатпауы керек.

Бұған дейін кірістерді жылыстатуға қарсы заңнама қатаңдаған. Заңға «қаржы мониторингіне жататын клиенттің күмәнді қызметі» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл – уәкілетті органдарда күмән туғызатын ақшамен немесе мүлікпен жасалған екі және одан да көп операцияларды білдіреді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар