Үйіне 990 адамды тіркеген алматылық бір жылға сотталды
Алматы қаласы, Наурызбай ауданының тұрғыны үйіне 990 адамды тіркеген. Сот оны шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Бас прокуратура.
Алматылық тұрғын бір бөлмелі пәтерге тіркеген адамдардан сыйақы алған. Сот мұны көші-қон заңнамасын бұзу деп тапты.
«Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», – деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Былтыр шілдеден бастап елде тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережелері өзгерген. Енді адам пәтерге тіркелген болса, бірақ шын мәнінде онда тұрмаса, бұл жалған тіркеу болып саналады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 маусым 2026