Грант конкурсына құжат қабылдау уақыты белгілі болды
Ұлттық тестілеу орталығы білім гранттары конкурсына құжат қабылдау мерзімдерін жариялады.
Грант конкурсына құжат қабылдау 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында өтеді.
«Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады«, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінуге болады.
Осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін айтқан болатын. Оның айтуынша, биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 маусым 2026