Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстан Әлем чемпионатындағы алғашқы голын соққанымен, Колумбияға есе жіберді

kz.kursiv.media

Өзбекстан Әлем чемпионатындағы алғашқы голын соққанымен, Колумбияға есе жіберді

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1-туры аясында Өзбекстан құрамасы өз тарихындағы маңызды матчтардың бірін өткізді. FIFA рейтингінде 50-орында тұрған өзбекстандықтар 13-сатыдағы мықты Колумбия құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен тартысты ойында есе жіберді.Бұл ойын Өзбекстан үшін жеңіліспен аяқталғанымен, ел футболының тарихына Әлем чемпионатындағы алғашқы гол соғылған матч ретінде енді.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап қос құрама да сақ қимылдап, қорғанысқа мән берді. Алайда латынамерикалықтар тәжірибесінің арқасында бірінші болып есеп ашты:

Бірінші таймның соңында Луиш Диаздың берген пасынан кейін Муниос Өзбекстан қақпасын дәл көздеп, есепті ашты (0:1).

Екінші таймда Өзбекстан құрамасының бас бапкері ойынға бірден екі өзгеріс енгізіп, Хамдамов пен Сайфиевті алаңға шығарды. Бұл тактикалық жүріс тез арада нәтижесін берді:

Ойынның 60-минутында Өзбекстан футбол тарихындағы Әлем чемпионатының алғашқы голын соқты. Құраманың жарық жұлдызы Аббосбек Файзуллаев мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Алайда, қуаныш ұзаққа созылмады. Араға бес минут салып, Г. Пуэртаның пасымен Колумбияның басты жұлдызы Луиш Диаз мергендік танытып, командасын қайтадан алға шығарды (1:2).

Өзбекстан ойыншылары ойынның соңына дейін есепті теңестіруге бар күшін салды. Алайда Колумбиялықтар соңғы қосылған 90+8 минутта ойынның нүктесін қойып, есепті 1-3 қылды.

Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы матчында әлемнің үздік ұжымдарының біріне лайықты қарсылық көрсете алатынын дәлелдеді. Аббосбек Файзуллаевтың тарихи голы ел футболының жаңа белесін бастап берді. Алда әлі топтық кезеңнің маңызды ойындары бар, сондықтан жанкүйерлердің үміті зор.

Бұған дейін, Өзбекстандық жанкүйерлер Мехикоға қонған бойда дәстүрлі дойра аспабын күмбірлете қағып, әуежай ішін ән мен биге толтырған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар