Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына әсер етті ме

kz.kursiv.media

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына әсер етті ме

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамы мен теңгедегі активтердің тартымдылыңына кері әсер еткен жоқ. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Базалық мөлшерлемені төмендеткенде, теңге арзандайды деген еді. Негізгі мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендеттік, доллар сол күйі 484 теңге айналасында саудаланып жатыр. Оған қоса АҚШ пен Иран арасындағы келісім мұнай бағасын барреліне 100 доллардан 80 долларға дейін құлдыратып жіберді. Бірақ бұл жайт та теңге бағамына қатты әсер етпеді», – деді ҰБ басшысы

Сүлейменовтың пайымдауынша, қазір сарапшылар да, нарық ойыншылары да макроэкономика тұрақты екенін, инфляциямен күрес мақсатты жұріп жатқанын, экономикалық өсім бар екенін байқап отыр. Сондықтан қазір теңге бағамы тұрақты.

Осы аптада доллар үш күн қатарынан арзандады. KASE валюта нарығында доллардың бағасы 486,95 теңгеге дейін төмендеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар