Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"1,6 млрд теңге": депутат мектептер бағасындағы айырмашылықты түсіндіруді талап етті

kz.kursiv.media

1,6 млрд теңге: депутат мектептер бағасындағы айырмашылықты түсіндіруді талап етті

Қазақстанда «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынған сыйымдылығы бірдей екі мектепке бюджеттен екі түрлі қаржы жұмсалған. Мәселен, ШҚО-дағы Опытное село ауылында 4,7 млрд теңгеге мектеп салынса, БҚО-дағы Пугачева ауылында мектепке 3 млрд теңге бөлінген. Айырмашылық – 1,6 млрд теңге.

Сенатор Андрей Лукин Сенаттың кезекті отырысында дәл осы мәселені көтерді. Сондай-талдау нәтижелеріне сәйкес, салынған 75 мектептің ішінде бір мектеп тек 29%-ға ғана толған, 8 мектеп 30%-дан 50%-ға дейін, 16 мектеп 50%-дан 70%-ға дейін, ал қалған мектептер 70%-дан жоғары деңгейде ғана толыққан. Депутат Оқу-ағарту министрлігінен «Ұлттық жоба аясында салынған мектептердің толық қуатында жұмыс істемеуінің негізгі себебі неде?» деп сұрады.

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жайық Шарабасовтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Опытное поле ауылының сейсмикалық қауіптілігі 7 балды құрайды, сондықтан мұнда тиісті түзету коэффициенті қолданылған. Ал Батыс Қазақстан облысында сейсмикалық көрсеткіш 6 балл болғандықтан, коэффициент есептелмейді.

«Сейсмикалық талаптарға байланысты конструкторлық шешімдер де әртүрлі болады», – деді ол.

Шарабасов Опытное поле ауылындағы жер телімі тау бөктерінде орналасқанын қоса айтты. Соның кесірінен жерді тегістеу және қосымша тіреуіш қабырғаларын орнату үшін көптеген қосымша жұмыстар жүргізілген.

«Шығыс Қазақстандағы жер телімінің көлемі үлкенірек болған. Сәйкесінше, алаң ішіндегі инженерлік желілерді тартуға да қосымша шығындар жұмсалған», – деп қосты министрлік өкілі.

Жаңа мектептердің 100% толмауына қатысты министрлік өкілі жобаның негізгі миссиясы орындалғанын және кейбір аймақтарда мектептердің болашақты болжап салынғанын алға тартты.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру 52 үш ауысымды және 12 апатты мектептің мәселесін шешуге, сондай-ақ 100-ден астам мектептегі оқушы орнының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Ал кейбір ірі қалалар мен оларға жақын орналасқан агломерациялардағы мектептер тұрғын үй құрылысының белсенді жүруі мен көші-қон ағынының өсу болжамын ескере отырып, алдын ала, болашақтың қамымен салынды», – деп түйіндеді баяндамашы.

Еске сала кетейік, 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аяқталған еді. Барлығы 217 мектеп салынды. Қазіргі уақытта 215 мектеп пайдалануға берілді, қалған екі мектеп маусым айының соңына дейін аяқталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар