Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Вэнс Израильге: Вашингтонның қолдауын шексіз деп қабылдамаңдар

kz.kursiv.media

Вэнс Израильге: Вашингтонның қолдауын шексіз деп қабылдамаңдар

Кеше Джей Ди Вэнс вице-президент қызметіне кіріскелі бері Израильге қатысты ең қатаң ашық сынын айтты. Reuters мәліметінше ол Дональд Трамп Израильдің «ықпалды жалғыз одақтасы» болып қала беретінін еске салды. Сондай-ақ, оның сөзінше, Израильдің қорғаныс қаруының үштен екісі АҚШ-та өндірілген немесе АҚШ есебінен төленген. Сондықтан Вэнс Израиль басшылығына «шындықты түсіну керек» деген ескерту жасады.

Бұған дейін берген сұхбатында ол Итамар Бен-Гвир мен Бецалель Смотричке қарата былай деген еді: «Сіздер халқы 9 млн адам болатын елсіздер. Ұлттық қауіпсіздікке қатысты әр мәселені адамдарды өлтіру арқылы шеше алмайсыздар».

Алайда бұл әзірге АҚШ-тың Израильге қарсы бұрылғанын немесе әскери көмекті тоқтатуды талап етіп отырғанын білдірмейді. Вэнс Израиль үкіметіндегі оңшыл министрлерді әдейі сынады, бірақ Нетаньяхуға олардан арақашықтық сақтауға мүмкіндік қалдырды. АҚШ жыл сайын Израильге шамамен 4 млрд доллар әскери көмек береді. Қазір екі ел жаңа келісімді талқылап жатыр. Сондықтан Вэнстің америкалық ақша туралы айтуы – көмекті қысқарту туралы нақты шешім емес, ықтимал қысым құралы бар екенін ескерту.

Қазір Вэнстің басты мақсаты – «Иранмен жасалған келісімді қорғау» – дейді экономист Шамсутдинов. Израиль Ливанның оңтүстігін әлі де ұстап отыр және жаңа соққылар жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал Вашингтон Израиль, Ливан және «Хезболла» арасында атысты толық тоқтатуды талап етіп отыр.

Егер Израиль ірі әскери операция бастаса, бұл Тегеранмен 60 күндік келіссөздерді бұзуы мүмкін. Ондай жағдайда Трамптың келісімі саяси жеңіліске айналады. Сондықтан Вэнс Израиль мемлекетінен гөрі, АҚШ стратегиясына кедергі келтіруі мүмкін күштерге ескерту жасап отыр.

Бұл оның бұрынғы ұстанымына да сай келеді. 2024 жылы Вэнс АҚШ пен Израильдің мүдделері әрдайым бірдей бола бермейтінін айтқан. Сондай-ақ Иранмен соғыс тым қымбатқа түсіп, АҚШ ресурстарын басқа жаққа бұрып жібереді деп ескерткен. 2026 жылғы соққылар алдында да ол әкімшілік ішінде күмән айтқан, бірақ Трамп шешім қабылдағаннан кейін операцияны ашық қолдады. Қазіргі риторикасы – Трамппен мәжбүрлі түрде бір бағытта болған кезеңнен кейінгі America First ұстанымына қайта оралуы.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран бейбіт келісімі аясында Ормұз бұғазынан алғашқы танкерлер өткенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар